Қазақстан
1 мин оқу 551

Қарағанды зебраға зер салатын болады

<p>Жуырда өзінің 80 жылдық тарихы қарсаңында Қарағанды зообағы жануар&shy;лар&shy;дың тағы 20 түрімен толықты.</p>

Қарағанды зебраға зер салатын болады

Жуырда өзінің 80 жылдық тарихы қарсаңында Қарағанды зообағы жануар­лар­дың тағы 20 түрімен толықты. Атап ай­тар болсақ, олардың ішінде бір жасар «Чам­пан» зебрасы, амур жолбары­сы, ши­н­шилла және еліктер бар. Сондай-ақ то­ты­құс, үкі секілді құстарды енді қара­ған­ды­лық зообаққа келушілер жақыннан та­ма­­шалай алады. Мұндай сыйды жер­гілікті ме­ценаттар мен демеушілер «Жылы жү­рек – жомарт қол» шарасы аясында тарту еткен.

Жалпы, Қарағанды мемлекеттік зооло­гия­лық бағы – еліміздегі ең ескі бақтардың бірі. Бүгінгі таңда мұнда 200-ден астам жа­нуар түрі мекендейді. Қалалық хайуа­наттар бағының директоры Мадина Әші­рованың айтуынша, аталмыш хайуанаттар ба­ғына зебра алғаш рет әкелінді.

Жоғарыда айтқан «Чампан» зебрасын сыйлаған демеуші бүгінгі таңда қа­ра­ғандылықтарға есімі кеңінен таныс «Южный» супермаркеттер желісінің иесі.

Демеушілер сыйлығы қала тұрғын­да­ры­ның қызығушылығын арттыра түсуде. «Жы­лы жүрек – жомарт қол» шарасы әлі де жал­ғасын тауып жатса құба-құп.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағанды зебраға зер салатын болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар