Әлем
1 мин оқу 320

Британияның қарызы көбейді

<p style="text-align: justify;"><strong>Ұлыбритания қазынашылығының басшысы Филип Хэммонд 2017 жылғы бюджет қаржысының жұмсалуы жөнінде есеп беріп, мемлекеттің алдағы уақытқа жоспарымен бөлісті. Келтірілген деректерге сүйенсек, корольдіктің даму қарқыны биыл бәсеңдеген.&nbsp; &nbsp;</strong></p>

Британияның қарызы көбейді

Ұлттық статистика департаменті жүргізген зерттеуге сай, 2017 жыл­ғы қазанда мемлекеттің сала­ның қары­зы 500 миллиард фунтқа өсіп, сегіз миллиардқа жеткен. Сарапшылар елдегі тапшылық көлемінің ұлғаюын «Брекситпен» байланыстырады. The Guardian басылымы бюджет­тегі шығынның ұлғаюы туралы мәлі­меттің Ф.Хэммонд есебімен тұс­па-тұс келуі жағдайдың қызу талқы­лануына әкеліп соқты деп есептейді.

Алдағы жылдарға жасалған жос­пар бойынша, қазынашы­лық бірқатар өзгерісті жүзеге асырмақ. Мәселен, бос тұрған үйлерге салынатын салықты 100 па­йызға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ «Брекситті» аяқтау үшін мемлекет қазынасынан 3 миллиард фунт стерлинг бөлінеді. Ең төменгі жалақы мөлшері сағатына 7,83 фунт стерлингке көбейеді. Бұдан бөлек, жос­парда бірқатар жаңалықтар бар.

The Guardian газеті бюджетті жоспарлау кейбіреулерге тиімді, келесілер үшін қолайсыз болғанын айтады. Басылымның пікірінше, «Брекситті» жоспарлаушылар, үй сатып алушылар, мұғалімдер секілді бірқатар сала мамандары бюджет жос­парының қызығын көрмек. Есесіне үй салушы компаниялардың үлесі айтарлықтай азаймақ. Бюджет жос­парымен танысып шыққан BBC арнасы алдағы бірнеше жылда Ұлы­бри­та­ния халқы үшін өмір сүру дең­­гейі төмендейтінін айтып отыр. Өйтке­ні жаңа жобаға сай елдегі даму қар­қы­ны алдағы 5 жылда 2 пайыздан аспайды.

Шолуды әзірлеген 
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Британияның қарызы көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар