Үкімет
1 мин оқу 390

Сағынтаев ArcelorMittal компаниясының өкілдерімен кездесті

<p style="text-align: justify;"><strong>Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның вице-президенті Хавьер Лассо Пенаның басшылық етуімен ArcelorMittal өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің сайты.&nbsp;</strong></p>

Сағынтаев ArcelorMittal компаниясының өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясының қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ, болатты әлемдік нарықтарға экспорттаудың кейбір аспектілері талқыланды.

Айта кетейік, ArcelorMittal — әлемнің ірі металлургиялық компаниясы. Люксембургте тіркелген және сонда компанияның штаб-пәтері орналасқан. Қазақстандағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ осы компанияға тиесілі, оған Қарағанды металлургия комбинаты, сегіз көмір шахтасы, екі электр стансасы, Лисаков тау-кен байыту комбинаты, темір марганец кеніштері және қосалқы кәсіпорындар кіреді. 

Бөлісу: