Қазақстан
2 мин оқу 870

Діни сауатты адам адаспайды

<p>Ағымдағы жылы үкіме&shy;тіміз елі&shy;міз&shy;дегі діни ахуалды реттеуді одан әрі жетіл&shy;діру үшін бірқатар заң&shy;на&shy;мала&shy;рымызға өзгертулер мен толық&shy;тырулар енгізгені бел&shy;гілі. Қоғам&shy;ның қызу тал&shy;қысына түскен низам жоба&shy;сының әдепкідегі нобайына бірқатар ұсыныстар енгізілді. Соның бірі &ndash; ҚМДБ-ға қарасты мешіт&shy;тердің неке қию қызметі мен діни білім беру жүйе&shy;сі, оның ішінде мешіттердегі сауат ашу курстарына қатыс&shy;ты тұстары де&shy;сек, сірә қате&shy;лес&shy;пейміз деп ойлаймын.&nbsp;</p>

Діни сауатты адам адаспайды

Біз әсі­редіншілдіктің алдын алу үшін халықтың орта­доксалді діни таны­мының қалып­тасуына жағдай жасауы­мыз қажет. Діни радикализм­ге қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру үшін ең алдымен отандастарымыз дұрыс діни мәлімет пен білім алуы тиіс. Қазір елімізде 2500-ден ас­там мешіт жұмыс істейді. Бұл мешіттердегі сауат ашу курстарында жамағатқа тұ­рақ­ты түрде ақида, фиқһ, сира, хадис, тәпсір, араб ті­лі пәндерінен сабақтар жүр­гізіледі. ҚМДБ-ның ұйытқы болуымен бірнеше жылдан бері мешіттерде мектеп жа­сындағы оқушыларға жазғы сауат ашу курстары да қыз­мет көрсетіп келеді.

Елі­мізде исламтанушылар­ды дайындайтын Нұр-Мү­барак Ислам мәдениеті уни­­верситеті, Имамдардың бі­л­імін жетілдіру институты, Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығы, арнаулы орта оқуына теңестірілген имамдар дайындайтын 9 медресе-колледж, 3 қари­лар дайындау орталығы бар. Бұл діни білім беру жүйесі мешіттердегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге оң ықпалын тигі­зу­де. Өткен жылдан бас­тап­ діни радикализмге қар­сы бел­сенді түрде кү­рес жүр­гізу үшін рес­публика­лық ақпараттық насихат то­бы құрылды.

Яғни медре­селер мен жо­ғары оқу орын­дарындағы дінтану жә­не исламтану бөлімдері, діни мәлімет беретін ақпарат көз­дері т.б құрылымдар «бір­ жа­ғадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, халықтың орта­доксальді діни таны­мының қалыптасуына бір­лесіп жұмыс жасаса, бұл үлкен қосын – әсіре­дін­шілдіктің толықтай алдын алған болар еді деп есеп­тейміз. Тағы бір ерекше атап өтер дүние, биыл облыс басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен облыстық «Халифа Алтай» мешітінде имамдарды қайта даярлайтын үш айлық курс ашылды. Курс дәрістерін елімізге белгілі ғалым-теологтар мен­ білікті ұстаздар жүр­гізді. Қыркүйек айында өңі­ріміздің 75 азаматы имам­дарды қайта даярлау кур­сын тәмамдап, арнайы сер­тификатқа ие болды. Қазіргі уақытта имамдарды қайта даярлау курсының екінші легі оқу үстінде.

Халықтың ортадоксальді ді­ни та­ны­мы орнығу үшін мешіт қызмет­керлерінің қоғамдық рөлі­нің артуына мән берілуі керек секілді. Сонымен қатар Ис­лам ді­нінің тафсир, хадис, фикһ, ақи­да, ислам тарихы, ислам фи­ло­софиясы секілді іргелі пәнде­рін тереңдетіп түсіндіріп беретін оқу­­лықтар шығару үшін Ислам зерттеу орталығын ашса құба-құп. Өйткені біз әсіредіншілдікті насихаттайтын өнім­дер­ді тәркілеп және теріс мәлі­мет тарататын ақпарат көз­дерін бұғаттаумен діни ради­кализмді түбегейлі жеңе алмаймыз. Яғни жұртшылыққа діни мәлімет пен білім берудің баламалы көздерін қарастыруымыз шарт.

Ермек МҰҚАТАЙ,

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы,

облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы

Бөлісу:
Діни сауатты адам адаспайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар