Жаңалықтар
1 мин оқу 470

Жарамын деп жазым болды

Атырау қаласында болған жарылыс фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу барысында 4 адамнан құрылған қылмыстық топ анықталып, залал­сыздандырылды. Олар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметкерлерін қорқыту мақсатында заңсыз дайын­даған және Атырау облыстық әкімдігі мен проку­ратурасы ғимараттарының жанында жарылыс жасауды жоспарлаған. Алайда, жарылғыш техника саласындағы білімнің жеткіліксіздігінен және қолдан жасалған қондырғыны дұрыс пайдаланбау салдары­нан қылмыстық топтың бір мүшесі Б.Сұлтан­ғалиевтің өзі оқиға болған жерде қаза тапты. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың қалған мүшелері тұт­қындалды және жасаған қылмыстарын мойындап жауап беруде. Тергеу әлі жалғасуда, деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. «Егемен-ақпарат».
Бөлісу:
Жарамын деп жазым болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар