Қазақстан
3 мин оқу 1,850

Жаңа әліпби туралы ой бөлісті

<p>Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық және гуманитарлық бөлімшесінің жуырда өткен жалпы жиналысында &laquo;Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы&raquo; мәселе талқыланды. Жиналысты ашып және жүргізіп отырған бөлімше төрағасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, професор Такир Балықбаев күн тәртібіне қойылып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталды.</p>

Жаңа әліпби туралы ой бөлісті

Ұлттық ғылым академиясының пре­­зи­­денті академик Мұрат Жұрынов Мем­лекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық еңбегінен туындайтын басты міндеттердің бірі – қазақ жазуын латын графикасына көшіру екенін атап көрсетіп, бұл салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл бі­лі­мі институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерден Қажы­бектің негізгі баяндамасында қазақ жа­зуының тарихы, оның әрбір тарихи кезеңде саяси жағдайларға байланысты өзгеріске түсуі және бүгінгі тәуелсіздік дәуіріндегі оның өзектілігі туралы кеңі­нен әңгіме өрбіді.

– Әліпби мәселесі басталған алғаш­қы сәтте-ақ Елбасы бұл мәселемен А.Бай­тұрсынұлы атындағы Тіл білімі институ­ты айналысуы тиіс екенін тапсырған еді,– деді академик Ө.Айтбайұлы. – Міне, со­дан бері Тіл білімі институтының ғалымдары бұл мәселемен түбегейлі айна­лысып келеді. Латынға көшкен көрші елдер тәжірибесін жан-жақты зерттеді. 

Осында айтылғандардың барлығының да бастауында тұрған, іске асуына ұйыт­қы болған – еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Байыптап қарайтын болсақ, жоғарыда аталған шаралардың барлығы да тәуел­сіздігімізді тұғырлы, елдігімізді ғұмырлы етуге бағытталған іргелі істер екендігіне, ұлттық мемлекет құру жолындағы қадау-қадау қадамдар екендігіне көз жеткіземіз. Сондай-ақ, бұлар ретімен, сәтімен, уақытымен іске асырылып жатқандығын, бір-бірімен сабақтаса ұласуда екендігін байқаймыз. Бүгінгі күні қызу қолға алынған әліпби ауыстыру мәселесі осылардың логикалық түйіні іспеттес.     

Ғалымдар Елбасының «Қазақстан – 2050»­ Стратегиясына және рухани жаң­ғыру бағдарламасына байланысты­ биылғы атқарылған ұшан-теңіз жұмыс­тар, қазіргі ұсынылып отырған әліпби туралы өз ойларын ағыл-тегіл ақтарды. Мемлекет басшысының қазақ жазуын­ кириллицадан латын графикасына көшіру ту­ралы Жарлығы барлық іске серпін беріп отыр­ғаны айтылды. Баяндамашылар да, жа­рыссөзде сөйлеген ғалымдар да, негізінен, латын қарпіне көшуге байланысты ха­лық арасындағы түсінік жұмыстары та­бысты өткенін, халық бұл бастаманы толық қолдап отырғанын айтып, ен­­ді кезең-кезеңмен латын әліпбиіне кө­шуді жүзеге асыруға кірісу қажеттігін ал­ға тартты. Бұл жөнінде олар нақтылы ұсы­ныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Белгілі тілші ғалым, филология ғы­лым­дарының докторы, профессор Зей­неп Мүсілімқызы Базарбаева латын әліпбиін пайдаланып келе жатқан әлем елдерінің алфавит жасаудағы тәжі­рибесіне тоқталды.

– Алфавиттегі әріп санының ком­пью­тер пернесіндегі таңбалардан асып кетуінен қорықпау керек,– деді ғалым. – Мысалы, латын қаріпін пайдаланып жүрген елдерде алфавиттегі әріп саны 30-дан 42-ге дейін жетеді, бірақ сол елдер еш қиындықсыз компьютерді өз тілдерінде пайдаланып отыр. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гоги­калық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ғабит Кенжебаевтың қосалқы баяндамасында айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлер де көпшіліктің көңілінен шықты. 

– Міне, сонымен, латын графикасына көшу жөнінде нақты қадам жасалды, – деді Ғ.Кенжебаев. – Жаңа алфавиттің үл­гісі жария етілді. Енді бүкіл халық бо­лып жаңа әліпбимен оқып, жазуды үйрене бастауымыз қажет. Баспа түрін­дегі қаріптерге көпшіліктің көзі тез үй­ренгенімен, оның жазбаша таңбаларын иге­ріп, жазып кету де өз алдына бір әлем. Сон­дықтан баспасөз беттерінде латын таңбасымен жазылған сөздерді баспаша түрінде де, жазбаша түрінде де үйрететін арнаулы айдарлар ашылып, газеттердің әр санында тиісті оқу материалдары жарияланып отырса – құба-құп.        
ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық бөлім­шесінің төрағасы, Абай атындағы Қаз­ҰПУ ректоры Такир Балықбаев жина­лыс соңында: 

– Бүгінде латын графикасына байланысты Ұлттық комиссия жұмыс істеп жатыр. Әліпбиді енгізудің әдістері мен тәсіл­дері жөнінде әлі де анықтайтын мәсе­лелер көп. Сондықтан біздің ғалым­дарымыз да осы істен тыс, – деп сөзін қорытындылады. 

ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық бөлімшесінің жалпы жиналысы латын әліпбиін қолдау және енгізу жөнінде тиісті шешім қабылдады.

Мырзахан АХМЕТОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Бөлісу: