Қазақстан
1 мин оқу 570

Серікбай қажы Оразұлы Бас мүфти болып сайланды

<p style="text-align:justify"><strong>Алматы төрінде Қазақстан мұсылмандарының кезекті сегізінші құрылтайы өтіп, діни басқарма басшылығындағы бірқатар ауыс-түйістер алқалы жиынның басты жаңалығына айналды. Соңғы бес жылда еліміздің бас мүфтиі қызметін атқарып келген Ержан қажы Малғажыұлы өз еркімен қызметінен кетіп, орнына еліміздің бас мүфтиі&nbsp; болып Серікбай қажы Оразұлы сайланды.&nbsp;</strong></p>

Серікбай қажы Оразұлы Бас мүфти болып сайланды

Құрылтайды ашып берген елі­міздің Дін істері және азамат­тық қоғам министрі Нұрлан Ер­мекбаев аталған басқосу Діни бас­­қарманың өзекті мәселелер ту­ралы ашық әрі шынайы әңгіме құ­руға және алдағы бес жылға ар­нал­ған міндеттерін  нақты ай­­қындауға жақсы мүмкіндік болатынына сенім  білдіретінін айтты.

Басқосу барысында Серікбай Ораздың кандидатурасын Ер­жан Малғажыұлы ұсынды. Елі­міздің әр түкпірінен келген ­300-­­ден ас­там делегат бұл ше­шім­­­­ді бір­ауыз­дан қолдап, сенім біл­­­­дірді. Осы­лайша, Серікбай қажы Ораз­­­ұлы  алдағы бес жыл­­да бас мүф­­­­ти  қызметін атқа­ратын бола­ды. Ал жаңа мүф­тидің орынба­са­ры лауазы­мына  Наурызбай қа­жы Тағанұлы, Бауыржан Ес­ма­ханов, Алау Әділбаев та­ға­йын­далды. Құрылтайға Қа­зақ­стан мұсылмандары діни бас­қар­масының төралқа мүше­лері, Ғұ­ла­малар кеңесінің мүшелері, тео­лог-ғалымдар, зиялы қауым өкіл­дері мен әр облыстан келген құрылтай қонақтары қатысып, жа­ңа дінбасының қызметіне толайым табыстар тіледі.

Астана қаласы әділет депар­та­менті діни істер бөлімінің бас­ маманы, мемлекеттік қыз­мет іс­тері агенттігінің аға қыз­мет­­кері, Пре­зидент Іс басқар­ма­сының әкім­шілік ғимараттар дирек­ция­сының директоры сияқ­ты бірқатар жауапты қыз­меттерде болған Серікбай Ораз­ұлы 2013 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Әзірет Сұл­тан» мешітінің бас има­мы­ және наиб мүфти қызметін ат­қарып келген еді. Ал бұған дейін бас мүф­ти лауазымында болған Ер­жан қа­жы Малғажыұлы  Ал­матыдағы «Нұр-Мү­бәрак» Қа­зақ­­стан-Египет ислам уни­вер­ситетіне бас­шылық қыз­метке баратыны мәлім болды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Серікбай қажы Оразұлы Бас мүфти болып сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар