Қазақстан
1 мин оқу 1,484

«Қансонар» халықаралық турнирге айналды

<p>Бурабай курортты аймағын барынша тартымды ету мақсатында көптеген шаруалар қолға алынып келеді. Сондай шараның бірі Тәуелсіздік күніне орайлас&shy;тырылып әрі бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған &laquo;Қансонар&raquo; халықаралық турнирі ұйымдастырылды.&nbsp;</p>

«Қансонар» халықаралық турнирге айналды

Облыстық туризм басқар­масының басшысы Шынарбек Батырхановтың қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықаралық турнирдің бас жүлдесіне автокөлік ті­гі­­летіні ерекше аталды. Оның бас төрешісі ретінде об­лыс­тық дене шынықтыру жә­не спорт басқармасының «Ұлт­тық спорт түрлері бо­йын­ша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесінің ди­рек­­торы Марат Қойшин бе­кітілді. Жалпы, құсбегілік өнері бұған дейін де талай насихатталған. Алайда ха­лықаралық деңгейге алғаш рет көтеріліп отыр. Өйткені қазір әлемде құспен аң аулауға қызығушылық артуда. Оның үстіне Қазақстанның тамаша табиғаты мен қысы құс­бегілерді қызықтырып отыр­­ған сияқты. Ұйым­дасты­рушылардың мә­ліметіне қа­р­ағанда, 5 елден 50-ден ас­там үміткер өздерінің бақ­тарын сынады. Бұл ретте Ш.Батырханов облыс басшы­сы Мәлік Мырзалинге қолдау білдіргені үшін риза­шы­лығын айтты. Бұдан кейін сөз алған Қазақстан Рес­пуб­ликасының құсбегілік өнері бойынша бас бапкер Күнтуған Базарбек бұл атакәсіптің 10 облыс пен 1 қалада кең өріс ал­ған­дығын жеткізді. Тағы бір бел­гілісі, ұлттық ойындар қауым­­дастығы 2 миллион тең­ге кө­лемінде қаржы бөлген.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Бөлісу: