Қазақстан
2 мин оқу 474

Танымал қайраткерлер наградталды

<p>Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің мәдениет және спорт саласының танымал қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті.</p>

Танымал қайраткерлер наградталды

Елбасының арнайы Жарлығы бойынша Қазақстанның мәдениет және спорт, әдебиет пен өнердің дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар, медальдар және Ал­ғыс хаттарын Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстады.

Марапаттау рәсімінде сөз алған министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстан­дық­тар­ды Тәуелсіздік ме­рекесімен құттықтап, 26 жылдың ішін­де Қазақстан дүние жүзіне таны­мал, әлемде ерекше орны бар ел­ге ай­нал­ғанын айтты. «Мұндай дәре­же­ге ең алғаш Елбасы Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың салиқалы саясатының ар­қа­сында жә­не тату-тәтті өмір сүріп жат­қан хал­қы­мыздың, елге қызмет етіп жатқан әрбір қазақстандықтың ар­қасында жетіп отырмыз. Біздің ата-бабаларымыз армандаған Тәуел­сіз­дік мерекесі барлығымызға тек жақ­сылық алып келсін», деп елге ті­ле­­гін жеткізді.

Құттықтау сөзінен кейін Арыс­тан­­бек Мұхамедиұлы мемлеке­ттік жә­­не қоғамдық қызметте еңбек сі­ңір­­ген, елдің әлеуметтік-эко­но­ми­калық жә­не мәдени дамуына, ха­лық­тар ара­сындағы достық пен ын­ты­мақ­тас­тықты нығайтуға қос­қан елеулі үлесі үшін Өскемен қала­сын­дағы «Берел» мемлекеттік тарихи-мә­де­ни қорық музейі» РМҚК ғылыми қыз­­меткері Зайнолла Самашевті, жа­зу­шы Есенғали Раушановты, сазгер Се­кен Тұрысбековті, кинорежиссер Алексей Каменский және тағы басқа елі­мізге белгілі азаматтарды «Парасат» ор­денімен марапаттады.

«Құрмет» орденімен «Сакральды Қазақстан» ғылыми-зерттеу ор­та­лы­ғының басшысы Берік Әбді­ға­ли­ұлы, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ же­­­тек­ші опера солисі Сүндет Бай­ғо­­жин, Мәде­ни­ет және спорт ми­ни­­­стр­лігі комитет тө­ра­ғасының орын­­­басары Ғалымжан Мел­де­шов, «Ұлт­­тық штаттық командалар жә­не спорт резерві дирекциясы» РМҚК спорт­шы-нұсқаушы, балуан Айбек Нұ­ғы­м­аровқа табысталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері» атағы «Ғ.Мүсірепов атын­­­дағы Қазақ мемлекеттік ака­де­­миялық балалар және жас­өс­пі­рім­­­дер театры» РМҚК директоры Сә­бит Әбдіхалықовқа, ақын Еле­на Әб­діқалықоваға, композитор Ар­ман Дүйсеновке, «Астана қаласы әкім­дігінің «Жастар театры» КМК ак­тері Әділ Ахметовке, «Муз ТВ» те­ле­ви­зиялық премиясының директо­ры Арман Давлетияровқа және тағы бас­қа өнер ие­ле­ріне берілді. Ал ІІ дә­режелі «Достық» ор­денімен мара­пат­­талғандар арасында Ла Скала теа­тры­­ның бас дирижері Зубин Мента (Үндістан), виолончелист Сергей Ролдугин (Ресей) және опера әншісі Доминго Пласидо (Испания) бар.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»​​​

Бөлісу: