Бағдарламалар
1 мин оқу 852

Таразда «Бір кітапты бір мезгілде оқу» акциясы өтті

<p style="text-align: justify;"><strong>Елбасының &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; бағдарламалық мақаласының негізінде &laquo;Рухани қазына&raquo; кіші бағдарламасының &laquo;100 кітап&raquo; жобасы аясында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде &laquo;Бір кітапты бір мезгілде оқу&raquo; акциясы өтті. Тараз қаласындағы Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара барысында талқылауға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың &laquo;Қамар сұлу&raquo; романы таңдалды.</strong></p>

Таразда «Бір кітапты бір мезгілде оқу» акциясы өтті

Әдеби шараға Тараз қаласындағы мектептердің әдебиет пен тіл мамандары, белсенді оқушылары қатысып, шығарма төңірегінде пікір білдірді. Сонымен қатар аталған кітапхана ди­ректоры Гүлфайруз Іңкәрбекова, Тараз инновациялық-гуманитарлық уни­вер­ситетінің аға оқытушысы Мең­дібай Әбіловтер қазақ әдебиетінде айтулы орны бар шығарма төңірегінде ой бө­лісті. Ақынның «Адасқан өмір», «Кедей» шығармалары жөнінде де бір­қатар пікірлер айтылды.

Шара барысында тіл маманы Жұ­мағали Маханбетов «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер даралығына байланысты ойын айтса, Әнел Алтын­бекова, Әйгерім Райысова сынды мектеп оқушылары шығармадан үзін­ділер оқыды. ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы әйел теңсіздігін, әділетсіздікті арқау еткен шығармадағы Ахмет пен Қамар бейнесі көпшілікті бейжай қалдырмады. Екі жастың ара­сындағы іңкәр сезім арқылы өрілген шы­ғарма шындығы жайлы да көпшілікке мәлімет берілді.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Таразда «Бір кітапты бір мезгілде оқу» акциясы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар