Қазақстан
1 мин оқу 280

Д.Назарбаева Франция Елшісімен кездесті

<p>Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Француз Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ф.Мартинэмен кездесті.</p>

Д.Назарбаева Франция Елшісімен кездесті

Әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі талқыланды. Қазақстан Сенатындағы Франциямен ынтымақтастық жөніндегі топтың жетекшісі Д.Назарбаева: «Парламенттік делегациялар алмасу тәжірибесін жалғастыру, біздің елдеріміздің заң шығару органдарындағы салалық комитеттер мен аппараттарының деңгейінде байланыстар орнату парламентаралық өзара іс-қимылға жаңа қарқын береді деп ойлаймын», - деді.

Бөлісу:
Д.Назарбаева Франция Елшісімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар