Аймақтар
1 мин оқу 360

Павлодарда 140 отбасы пәтер алды

<p style="text-align:justify"><strong>Облыс&nbsp; орталығындағы &nbsp;жаңадан салынып жатқан&nbsp; &laquo;Сарыарқа&raquo; шағын&nbsp; ауданындағы Ш.Шөкин көшесі&nbsp; №159 мекен-жайы бойынша көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. &nbsp;&nbsp;</strong></p>

Павлодарда 140 отбасы пәтер алды

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл үйдің құрылысын жүргізген  «Құрылыс» ЖШС-ның құрылысшылары әр шаңыраққа Жаңа жыл алдында құт-береке, табыс тілейді.

Жаңа үйден кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлер пәтер кілттерін алды. Жарқырған үйлер жобасының құны 1 011,9 миллион теңгені құрайды. Бұл биылғы жылы  «Сарыарқа» шағын ауданында салынған алтыншы үй. Бұған дейін шағын ауданда сүрілген ескі үйлердің орнына 11 көпқабатты жаңа тұрғын үй тұрғызылды. 2018 жылы  «Достық» шағын ауданының құрылысы басталады.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Бөлісу:
Павлодарда 140 отбасы пәтер алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар