Көші-қонда іркіліс болмайды
<p style="text-align: justify;"><strong>2017 жылдың қазан айында Үкімет көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған жаңа тұ­жы­рымдамасын бекітті. Осы кон­цепцияға сәйкес қажетті заң жоба­сы әзірлену үстінде. Яғни кәсіби ма­мандарды экономикаға тарту, ай­м­ақтар арасындағы демогра­фия­л­ық теңсіздіктерді реттеу және іш­кі миграцияны атаулы түрде мем­лекеттік қолдау бірінші кезекке шығарылуда. Сондай-ақ еліміз этностық миграция аясын кеңейткелі отыр. Бұл де­геніміз – мемлекеттік қолдау тек елге оралғандарға ғана емес, сонымен бірге шетте жүрген қан­дастарымызға да көрсетілетін болады. </strong></p>

Осы жерде сонау 90-жылдары басталған бұл ұлы көш туралы айта кеткім келіп тұр. Қазіргі таңда елімізде 1 миллионнан аса қайта оралған бауырларымыз тұрып жатыр. Олардың көбі Өзбекстан (61,6%), Қытай (12,1%), Моңғолия (11,7%) және Түрікменстаннан (7,1%) келген. Сонымен бірге қандастарымыздың оралуына қатыс-
ты ел заңнамасы да жыл сайын жетілдіріліп келеді. Өткен жылдан бастап күшіне енген заң аясында этностық қазақтардың қайта оралуына, бейімделуіне және кірігуіне байланысты кедергі келтіретін бірнеше проблема шешімін тапты. Мәселен, этностық қазақтарға оралман мәртебесі, қоныстану аймағына қарамастан, бір жыл мерзімге берілуде. Сонымен қатар азаматтық алу мерзімі төрт жылдан бір жылға дейін қысқарды. Атажұртқа оралғандарды ұтымды қоныстандыру мақсатында оларды қосымша еңбек ресурстарын қажет ететін аймақтарға жолдау шаралары қабылданды. Нәтижесінде, өткен жылы елімізге 16,5 мың отбасы көшіп келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8 есеге көп.
Жаңа тұжырымдама шетелдегі қандастарымызға жоғарыда белгіленген іс-шараларды сақтай отырып, тағы да елге келуге ниеттілерге қосымша мүмкіндік қарастырып отыр. Егер қандастарымыз елге келіп, уақытша жұмыс істеу мүмкіндігін сұраса, онда олар өз таңдаулары бойынша 1 жылға, 3 жылға дейін немесе ұзақ мерзімді жобаларға қатысу мүмкіндігін иеленбек. Этностық қазақтарды жұмысқа тартқан жұмыс берушілерге рұқсат тегін беріледі. Ал шетелдіктер келетін болса, ақылы түрде ұсынылады. Этностық қазақтар қоныстанған немесе жұмыс істеуді қалайтын аймақтарда бейімдеу орталықтарын салу немесе оларға жұмыспен қамту орталықтары арқылы қызмет көрсету көзделуде. Ал келген азаматтар тұрақты қоныстанып қаламын деген шешімге келсе, онда мемлекет тарапынан бір реттік материалдық көмек (субсидия), 12 айға дейін үй жалдауға берілетін ақшалай көмек және басқа да қажетті әлеуметтік қызметтерді тегін ұсыну қарастырылған. Осындай көмекті қазір Оңтүстіктен Солтүстікке көшкен тұрғылықты азаматтарымыз да алуда. Қорыта айтқанда, қандастарымызға өз таңдауы бойынша көшіп келуге немесе жұмыс істеуге жан-жақты мемлекеттік қолдау қарастырылып отыр.
Ауыт МҰҚИБЕК,
қазақ көшінің жанашыры, ақын