Қазақстан
2 мин оқу 620

Жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері

<p class="a" style="text-align: justify;"><strong><span style="font-size:9.5pt; letter-spacing:-.1pt; line-height:105%">Азаматтарды жұмыс&shy;пен қамту өте өзекті мә&shy;се&shy;ле. Мемлекет ба&shy;с&shy;шы&shy;&shy;&shy;сы&shy;&shy;&shy;ның қолдауымен нәти&shy;желі жұмыс&shy;пен қамту, әлеу&shy;меттік жұмыс орын&shy;&shy;дары, бос жұмыс орын&shy;да&shy;рының жәрмеңкесі, қысқа мерзімді оқыту сияқты көптеген жобалар мен бағ&shy;дарламалар жүзеге асы&shy;рылып келеді. Бұл елі&shy;міздегі жұмыссыздық мәселесін біртіндеп шешуге сеп&shy;теседі. Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан об&shy;&shy;лыс&shy;&shy;тарында қысқа мер&shy;зім&shy;ді оқудан өт&shy;кен&shy;дер&shy;дің 87 пайызға дейінгі шо&shy;ғыры жұмысқа орналас&shy;ты. Ал Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында тұрғындардың жұ&shy;мыс&shy;қа орналасу дең&shy;ге&shy;йі төмен. Сондай-ақ Ұлт&shy;тық кәсіпкерлік па&shy;ла&shy;тасының баста&shy;ма&shy;сы&shy;мен кәсіпкерлікке баулу, қолдау және несиелеу жұмыстары жүргізілуде.</span></strong><span style="font-size:9.5pt; letter-spacing:-.1pt; line-height:105%"><o:p></o:p></span></p>

Жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері

Тиісті ве­­­дом­ство­лардың мәлім­деу­інше, биыл жұмыссыз жә­не өзін-өзі жұмыспен қам­тыған азаматтар арасында «Бастау-Биз­нес» бағ­дарламасына қа­ты­су­шы­ларды екі есеге артты­ру жоспарлануда. Бұл шағын несие алуға үміт­керлер санын 11 мың­ға, ал берілетін несие кө­ле­мін 40 млрд теңгеге дей­ін арттыруы мүмкін. Аза­маттардың ең­бекке бей­ім­ділігін артты­ру үшін бар­лық өңір­­лерде жұмыс беру­ші­л­ер бос орындар жәр­мең­кесін өткізіп тұрады. Нә­тижесінде, жұмыс кү­ші артық өңірлерден 2 мыңнан астам отбасы сол­түстік аймақтарға өз ер­кі­мен қоныс аударуға ниет білдірді. Сондықтан биыл аймақтардағы қо­­ныс аудару квотасын 5 есе ұлғайту жоспарлану­да. Бұл ша­ма­­мен 7 мың адам­ды құрайды.

Халықаралық статис­тика әдіс­те­месіне сәйкес, жұ­мыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адам­дар тобы, ал өзін-өзі жұмыспен қам­тыған азаматтар жұмыс берушілердің ең­бекақы төленбейтін жұмыскерлері қа­тарындағы жеке тұлға­лар болып табы­лады. Би­ыл Жол картасының бір бөлігі ретінде өзін-өзі жұмыс­пен қам­тыған азаматтарды ресімдеу бойынша ауқымды жұмыстар басталады. Осы­ған байланысты, бағдарламаның не­гізгі көрсеткіштерін айқындау және оның орындалуына мониторинг жүргізу тә­сіл­дері өзгермек. Яғни «тіркелмеген жұ­мыс­­сыздар» және «нәти­же­сіз жұмыспен қам­тыл­ғандарды» анықтау жұ­мыс­тары жүр­гізілді. Еске сала кету керек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми түрде тіркеу үшін үй-үйді аралауда көп­теген жұмыс атқарылды. Енді осы са­нат­тағы деректер базасын есепке ала оты­рып, бағдарламаға өзін-өзі жұмыспен қам­тыған азаматтарды тартудың жеке мо­ниторингі жасалып, оларды бақылау жү­зеге асырылатын болады.

Ерлан САИРОВ,

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары, әлеуметтанушы

Бөлісу: