Қазақстан
1 мин оқу 440

Қазақ – қашанда қазақ!

Қазақ – қашанда қазақ!

Бойында бабалардың тасқын арман,

Ит жүгіртіп, тазы ертіп, қасқыр алған.

Қансонарда көрсеңіз қазағымды,

Ат үстінде айнымас хас қыраннан.

Аш белінен бүгіліп тазылары,

Қоян қуса құлашы жазылады.

Қанжығасы майланған қансонарда

Ағайынға айта бер базынаны!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: