Бірінші «проактивті» куәлік табысталды
<p>Мемлекеттік қыз­мет­терді проактивті прин­цип бойынша алған алғашқы қа­зақ­­стандық Астана қа­ла­сының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нә­рестесі Айымға туу туралы куәлігін «Азаматтарға ар­налған үкімет» мем­лекеттік кор­по­ра­­циясының бас­қарма төр­ағасы Абы­лайхан Оспанов табыс етті. </p> <div> </div>

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сәбилі болған аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.
Қанатқақты жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электронды үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.
Сондай-ақ телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.