Аймақтар
1 мин оқу 382
Алматыда Сейфуллин даңғылының бір бөлігі жабылады
<p>Алматыда Сейфуллин даңғылының бір бөлігі жабылады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. </p>

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік жол айырығының құрылысы нысанының бір бөлігі болып табылатын "Шығыс" жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты Сейфуллин даңғылының көлік қозғалысына өзгерістер енгізілетіні хабарланып отыр. Осылайша, 2018 жылғы 8 қаңтарда сағат 22.00-ден 9 қаңтар күнгі таңғы сағат 6.00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Ақпаев көшесіне дейін Сейфуллин даңғылы арқылы көлік қозғалысы тоқтатылады. Көлік қозғалысы Жансүгіров көшесі арқылы жүзеге асырылады. Іргелес көшелерімен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

Бөлісу: