Жаңалықтар
2 мин оқу 1,212

Қабанбай ауылындағы қуаныш

<p style="text-align: justify;">Алакөлдің жағасындағы Қа&shy;бан&shy;бай ауылында жақын&shy;да ел есінде қалатындай, жүрек&shy;терге қуаныш сыйла&shy;ған елеулі оқи&shy;ға болды. Осы ауылдың өсіп-өр&shy;кен&shy;деуі&shy;не ерекше үлес қос&shy;қан жал&shy;ғызбасты Гүлбарам Құр&shy;манова деген 74 жастағы ана 70 жылдан бері әбден тозығы жеткен шағын бір бөлмелі үйде тұрып келсе де, алақан жайып, ешкімнен көмек сұрамады, барын қанағат тұтып тіршілік жа&shy;сап келді.&nbsp;</p>

Қабанбай ауылындағы қуаныш

Қабанбай ауыл­дық округінің әкімі Қали­хан Нұ­рым­баев, Үржар аудан­дық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағ­­­дар­ла­малар бөліміне қарас­ты Қабан­бай ауылдық бөлім­шесінің қызметкерлері Бағ­дагүл Темір­ғалиева мен Ақ­марал Шақабаева апай­ларының тұрмысын жақсы білгендіктен аудан әкімі Серік Зайнулдинмен, ауыл­дастарымен ақылдасып Елбасының «Рухани жаң­ғыру» мақаласы аясында кейуанаға тұрғын үй салып беруді ұйғарды.

Қарт анаға тұрғын үй кіл­­тін тап­сыруға арналған жиын­ға ауыл­дастары тү­гел кел­ді. Ауыл әкі­мі Қ.Нұ­­рымбаев сал­танатты жиынды ашып, Елба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында адамдарға әлеуметтік жағ­­дай жасау, олардың тұрмы­сына кө­ңіл бөлу жайлы айтылғанын ес­ке сала кет­­ті. Бұдан кейін ауыл әкі­мі тұр­ғын үй салуға қол­ғабыс жаса­ған абзал жан­дарға ал­ғы­сын білдірді. Ала­көлдің жағасындағы кәсіпкерлер 250 мың теңге жинап беріпті. Мардан ақсақал басқаратын ақса­қалдар алқасы – 65, ауыл ақсақалдары Мұқан Омар­ғалиев, Еркінбек Қали­панов, Серік Жанұзақов, ауыл­­дың бас имамы Марат қажы, «Дорожник», «Сан­сызбай» демалыс үйлерінің басшылары, «Манас» қожа­лығының иесі қомақты қар­жы қосқан. Ауыл азаматы Мейрамбек Дәулет­ханов бри­гадасымен келіп үйдің та­ғанын құйып берді. «Көп түкірсе көл» дегендей, ақы­ры төб­есі жабылған, аула­сы шірі­ген ағаштардан тазартылған, көз­дің жа­уын алатын тұрғын үй пай­далануға берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдуақасов Қа­бан­бай ауы­лының тұр­ғындарына, әлеуметтік сала қызметкерлеріне қария­ға жа­са­ған қамқорлығы үшін ризалық білдірді. Қарт ана­ның қуанышын бөліскен жер­­лестері сыйлықтарын да ала келген екен. Яғни кілем, ыдыс-аяқ, тұрмысқа қажет заттар­ды табалдырыққа үйіп тастады. Ақмарал Ша­қа­­­баева ұзақ уа­қыт бойы әжені қамқорлығына алып, көмектесіп келіпті. Қыс мез­­гілінде мектептің тимуршылары қар күреп, отынын жағып, суын тасып береді екен. Ол өз сөзінде алдағы уақытта да анаға қолғабыс жасай беретінін тілге тиек етті. Ал қарт әже өзіне қам­қорлық жасаған аудан, ауыл бас­шылары мен жерлестеріне алғы­сын білдіріп, көзіне жас ал­ған кезде көпшілік қауым тол­қып кетті.

Ауыл тұрғындары Г.Құр­­­­мано­­ваның жаңа үйі­не кі­ріп, шашу шашты, дас­тарқан­нан дәм татты.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

журналист

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы

Бөлісу: