Аймақтар
2 мин оқу 680

Жерлестеріне қуаныш сыйлаған азамат

<p>Елбасының &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; мақаласында ай&shy;тылған &laquo;Туған жер &ndash; әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында ең&shy;бектеп, қаз басқан қасиетті ме&shy;кені, талай жанның өмір бақи тұ&shy;ра&shy;тын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жү&shy;регінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды&raquo; деген мағы&shy;на&shy;&shy;сы терең сөздер кез келген қазақ&shy;стан&shy;&shy;дықтың атамекенге деген шына&shy;йы сезіміне қозғау салып, ерекше ын&shy;ты&shy;зарлығын оятары анық.&nbsp;</p>

Жерлестеріне қуаныш сыйлаған азамат

Қызыл­жар өңірінде де «Туған жер» бағ­дарламасы аясында өсіп-өнген ортасын гүлдендіруге белсене атсалысып жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Сапаров.

Алтынбек Сапаров еңбек жо­лын жеке кәсіпкерліктен бас­тап, кәсібін ұлғайтқаннан кейін тұралап қа­л­ған ауылын көркейтуге бел бу­ды. «Ноғайбай» ЖШС-сін құрып, егін­­шілікпен де, мал өсірумен де жүйелі айналысып келеді. Ауыл­дас­тарын тұрақты жұ­мыс­пен қам­тамасыз етіп, бірқатар әлеу­мет­тік шараларды жүзеге асырды. Солар­дың біріне серіктестік қара­жа­тына бес үй тұрғызылып, жуырда пайда­ла­нуға берілгенін айтуға бо­лады. Бас­пананың кілті бірінші бо­лып 9 ұл-қыз өсіріп, 15 немере, 1 шөбере сүйіп отырған Марат және Мақпуза Наза­ровтарға салтанатты түрде та­быс етілді. Отағасы осында 42 жыл еңбек етіпті. Көкшетаудағы Ақан сері атындағы өнер колледжін бітіріп, «Дипломмен-ауылға!» бағ­дар­ламасы бойынша мәдениет үйінің мең­герушісі қызметіне орналасқан жас маман Қалымбек Нәбидің де қуанышында шек болмады. Көктемгі қарғын судан жапа шеккен зейнеткер Рақыш Қыдырмина да жайлы баспанаға ие болды.

– Шекараға жақын орналасқан Ноғайбай ауылында қазір 130 адам тұрады. Жаңа үйлерге Жамбыл облысынан көшіп келген екі отбасыны қоныстандырдық. Ондағы ойымыз – оқушылар санын молайту арқылы жабылып қалған орта мектепті қайта ашу. Фельдшерлік-акушерлік пункт салуды да ойластырып отырмыз,– дейді А.Сапаров.

Бұл білікті басшының жер­лес­те­­ріне көрсетіп отырған көмек­те­рі­нің бір мысалы ғана. Биз­нестің әлеу­меттік жауап­кершілігін жете түсінген ол былтыр демалыс-көңіл көтеру орталығы мен үш тұрғын үй салып берген болатын. Алтынбектің ар­қасында Қарақоға – Ноғайбай жол учас­кесі қалпына келтіріліп, көше­лер асфальтталды. Әр аулаға сапалы ауыз су жеткізілді.

Шағын елді мекенде футбол ала­ңы, балалардың ойын алаң­қай­ла­ры, электр қуатын үнемдейтін шамдар жұ­мыс істеп тұр. Бірнеше үйдің іргетасы қаланып, биыл қоныстой одан әрі жалғасатынын да атап өту ке­рек. Сондай-ақ Қарақоға мекте­бі­не қатынап оқитын балалар үшін автобус сатып алынбақ.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы,

М. Жұмабаев ауданы

Бөлісу:
Жерлестеріне қуаныш сыйлаған азамат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар