Қазақстан
1 мин оқу 380

Көшедегі кітаптар

<p>Тротуардың жиегінде кітап сататын кісілерді жиі көреміз. Олар жерге га&shy;зет төсеп, ұзақ жылдар бойы сөреде тұрғандықтан қағаз&shy;дары сарғайып, мұқа&shy;балары мүжіле бастаған классиканы күнге жайып, кептіріп отырғандай әсер қалдырады.<br /> </p>

Көшедегі кітаптар

Ерік­сіз бөгелесің. Үңіліп қарайсың. Көңіліңде бір ыс­тық сезім оянады. Қимай­сың. Сол баяғы, студент кез­де оқыған кітаптар. Э.Л.Войнич «Бөгелек», Стен­­даль «Қызыл мен қара», Ги де Мопассан «Новелла­лар», Э. Сетон-Томпсон «Ха­й­уа­нат­тар жайлы әңгі­мелер»...

Ескі томдар мен еңкейген қарттарға қарап: «Кітап кө­нереді, адам қартаяды...» деп көңіліңізді жұбатқыңыз келеді.

Есесіне біздің айна­ла­мыздағы техника күн сайын жаңарып келеді. Таңға­ласыз. Қызығасыз.

Бірақ... Жас күнімізде, яғни, студенттік шақта қы­зық­қан техника – «Вол­га», «Жигули», «Москвич­тердің» қазір мүлде көрін­бейтіні есіңізге түседі.

Ал сол кездегі танысқан классика жадымызда әлі сайрап тұр.

Нұрғали Ораз,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Көшедегі кітаптар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар