Аймақтар
1 мин оқу 545

Мәңгілік елдің мәңгілік мектебі

<p>Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың асқақ ар&shy;ман&shy;да&shy;&shy;рының алғышарты &ndash; тарихи тағ&shy;ды&shy;ры&shy;мыз&shy;дың, соның ішінде өзі бастап, абыроймен алып келе жатқан күрескерлік өлмес ру&shy;хы&shy;мыздың құн&shy;ды&shy;лықтарын кезегімен келіп жа&shy;татын ұрпақ&shy;тар&shy;дың санасына өзіне тән өз&shy;геше тереңдік те&shy;геурінмен жеткізіп, сі&shy;ңіріп отыру екенін бар&shy;лық еңбектерінен сөз&shy;сіз аңғаруға болады.</p>

Мәңгілік елдің мәңгілік мектебі

Ел­басының жаңадан жа­­рық көріп, тарихи жа­ңа кезеңге бастаған «Тәу­елсіздік дәуірі» кі­табында да солай. Өз тарихында тұңғыш тәу­елсіз ел бо­лып Қазақстанның қасқа жолы қа­лай қа­лып­тасты, әлемдік өркениеттің айна­лы­­мына ер­кін еніп, танылды, соған жету жо­лын­дағы ши­рек ғасырлық ғана уақыт ішінде ұлт­тық тұтастық тұрғыдағы төрткүл дүниеге аян салиқалы саяси пәрмен, экономикалық сер­піліс, жасампаз әрекеттердің жиынтығы іс­петтес бұл еңбек.

Тарихты, ең әуелі жасайтын идеялар десек, біздің Елбасымыздың кемел ақыл-ойы, бас­таған ісін аяғына дейін көріп отыра­­тын да­ра қасиеті түптеп келгенде мем­ле­кет құ­ру­дың, оны жедел дамытудың, өз­­г­елерді сөз­сіз мой­ындатудың, Мәңгілік Ел­­­ге бара жатқан жо­лымыздың мәңгілік мек­­­тебі болып шығады. Со­­лай екен, біз за­­манымыздың әлемге аян та­­рихи дара тұл­­ғасының, ол санамызға ор­нық­тырған бей­бітшілікті, қайта түлеген дәс­түр­­ді, бұ­рын-соңды болмаған зияткерлік өр­леу­дің қа­діріне жетуді өзімізбен қоса, келер ұрпақ­та­­рымызға ең аяулы аманат етіп оты­ру­ды па­рыз санау адамдық, азаматтық мін­де­тіміз.

Несіпбек Дәутайұлы, 
жазушы, Қазақстанның 
еңбек сіңірген қайраткері
 
Жамбыл облысы

Бөлісу: