Қазақстан
1 мин оқу 330
Ақтөбедегі ХҚКО-да Димаш Құдайбергенге құрмет көрсетілді
<p>Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Ақтөбедегі ХҚКО-дағылар гүлмен қарсы алды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай суреттерді Facebook желісінде жариялады.</p>

"Бүгін Ақтөбедегі №1 ХҚКО-дағы қызу жұмыс күнінің ырғағын әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайберген бұзды. Орталыққа келушілер мен қызметкерлер қолтаңба алып, атақты жерлестерімен естелік суреттерге түсті", - деп жазды Жұманбай. Оның хабарлауынша, Димаш ХҚКО-ға шетелге шығу төлқұжатын рәсімдеу үшін барған.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Фучжоу қаласында өткізген жеке концертінен кейін елге оралғаны хабарланған болатын.
Бөлісу: