Қазақстан
2 мин оқу 474

Мәдениет үшін маңызды бағыт

<p>Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері&raquo; Жолдауын &laquo;Астана Опера&raquo; театрындағы талқылау барысында&nbsp; театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров: &laquo;Міндетіміз &ndash; мәдениет пен өнерімізді одан әрі дамыту&raquo;, деді. Ұжым Президент Жолдауының негізгі бағыттарын мұқият тыңдап, Елбасының міндеттерін орындауға ықылас-ниеттерін білдірді.&nbsp;</p> <div>&nbsp;</div>

Президент Жолдауын тал­қы­лауға арналған дөңгелек үстелде Қазақ ғылыми-зерт­теу мәдениет институты бас дирек­торының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты, сарапшы Галина Поваляшко өз пікірімен бөлісті.

Мәдениет саласы қызметкер­лері үшін Жолдаудың жетінші бағыты маңызды саналады. Әсіресе «Адами капитал – жаң­ғыру негізі» ерекше назарда, бұл жерде мәдениетімізді одан әрі дамыту үшін ұлттың әлеуе­тін арттыру туралы терең ой қозғалған. «Рухани жаңғыру­дың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәде­ниетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалы­на айналуға тиіс», делінген Жол­дау мәтінінде.

– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы қазақ­стан­дық­тардың көкейіндегі көп­теген сауалдарға жауап береді. Ол еліміздің әлемдік сапа стан­­­дарттарына ұмтылысы­ның дұ­рыстығын дәлелдеді. Ба­сым­­дықтар арасында, әсіресе адами капиталдың жаңа сапасы көр­сетілгені аса маңызды: мұға­лім кәсібінің мәртебесі арт­ады, денсаулық сақтау сала­сында өзгерістер жүзеге асырыла­ды, базалық зейнетақы мөл­шері өседі. Ал біздің қазіргі бас­ты міндетіміз – мәдениет пен өнерімізді одан әрі дамыту. Елбасының арқасында жыл сайын елімізде жаңа ғылы­ми ор­та­лықтар, мәдениет мекеме­­лері, саябақтар ашылуда. Зиятк­ер­­лік мектептер, сондай-ақ Назарбаев Университеті, «Астана Опера», Ұлттық мұра­жай, «Астана Балет» театры­ тәрізді қаншама мәдениет ошақ­­тары мен халыққа рухани қызмет көрсететін орындар бой көтерді. Хореография академиясы салынды – осының бәрі еліміздің рухани-мәдени дамуына Президентіміздің жасап жатқан орасан зор еңбегі, – деп атап өтті театр директоры Ғалым Ахмедьяров.

Қаршыға КҮЛЕН

АСТАНА

Бөлісу:
Мәдениет үшін маңызды бағыт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар