Президент
1 мин оқу 360

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Президентіне көңіл айтты

<p>Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мирян қаласының ауруханасындағы өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. «Осынау қайғылы сәттерде корей халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Бөлісу: