Аймақтар
2 мин оқу 293

Жаңа техникалар жолдарды тазалауға сақадай сай

<p>Былтырғы қыс өскемендіктер үшін қатқылдау тиіп, көшелер мен жол бойындағы қар уақтылы тазаланбай қала басшылығына тұрғындар тарапынан сын-ескертпелер көп айтылған еді. &laquo;Қыс шанаңды жаз сайла&raquo; дегендей, биыл осындай олқылыққа жол бермес үшін шаһар билігі &laquo;кәрі құданы&raquo; күтіп алуға ерте бастан қамданыпты.&nbsp;</p>

Жаңа техникалар жолдарды тазалауға сақадай сай

Осы мақсатта Гер­ма­ния­дан тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы мен жол құрылысы саласының сарапшысы Эрвин Флейшерді арнайы шақырған. «Неміс ма­маны техникалар мен қызметкерлер санын көбейту қажеттігін айтты. Оның ұсыныс-пікірлерін ескеріп, «Foton» деп аталатын көп функциялы 10 жаңа машина сатып алдық. Бір жақсысы, бұл техниканы қыста да, жазда да жол тазалауға пай­далануға болады. Сонымен қатар автопаркіміз 4 грейдермен және 2 шнекті ротормен толықты. Өткен жылы грейдерлер жол үс­т­індегі мұзды тазалай алма­ғандықтан финдік мұз жар­­ғыш техника сатып ал­­дық. Қала тазалығына жауапты «Өскемен тәртіп» мекемесіндегі жұмысшылар санын 500-ге жеткіздік. Қыс­қасы, техника мен жұмыс­шылар сақадай сай. Алайда қалада былтырғыдай қалың қар мен сірескен мұздың жоқ­тығынан бұл техни­каларды әлі пайдалана алмай отырмыз. Әзірге қаң­тарылып тұр», дейді Өс­кемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев. Неміс сарап­шысы біздегі көбіне ашық-шашық жататын канализациялық люктердің орна­ласуына қатысты да өз ойын біл­ді­­ріпті. Шетелдік маман мұның көлік жүр­гізушілеріне қо­лайсыз екендігін айтып, Еу­ропа мен АҚШ-тағыдай жаяу жүр­гін­шілер жолына орналасқаны дұрыс депті.

Қала басшысы өткен жыл Өске­мен үшін табыс­ты болғанын, облыс орта­лығында Елбасының қаты­суымен «Нұрлы жол» сая­бағы ашылғанын, шаһар­да 23 шақырым жол орташа жөндеуден өткенін, 20 жылға жуық үй кезегінде тұрған тұрғындар баспанаға қол жеткізгенін айтады. Ал 2018 жылы қала көшелерін жарықтандыру, абаттандыру, жолдарды кеңейту жұмыстары жалғасын та­уып, Жібек маталар ша­ғын ауданында үлкен сая­бақ салынады. Тағы бір жа­ғымды жаңалық, жақында осы шағын ауданда 1000 орындық қазақ мектебінің құрылысы басталды.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Бөлісу: