Аймақтар
1 мин оқу 500

Құрманғазы мен Динадан қалған мұра

<p>Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі&shy;нің қорында 60 домбыра бар. &laquo;Өл&shy;ке мәдениеті мен әдебиеті&raquo; экспо&shy;зи&shy;ция&shy;&shy;лы&shy;қ залында күй атасы Құрманғазы Са&shy;ғырбайұлы туралы деректер, Дина Нұр&shy;&shy;пейісованың домбырасы, өңірден шық&shy;қан белгілі өнер шеберлерінің тұтынған бұйымдары мен аспаптары жи&shy;нақталған. &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; жобасы аясында музейде тағы бір игілікті шара өтіп, &laquo;Домбыра-дастан&raquo; атты кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды.&nbsp;</p>

Құрманғазы мен Динадан қалған мұра

Кітапта ғасырлар бойы әр қазақ­тың төрінен орын алған ұлттық аспап, оның шығу тарихы, әнші-күй­ші­лердің жан серіктеріне айнал­ған домбыралар жайлы жазыл­ған. Домбыра жасаушы қолөнер шеберлерінің еңбектері де жинақтан тыс қал­ма­ды. Ұлттық мұраны жырға қос­қан ақындардың өлеңдері де кітапқа енгізілді.

Шараға қатысқан Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Илья Жақанов, Қазақстан Жур­налистер және Жазу­шылар одақтарының мүшесі, өлке­танушы Өтепберген Әлімгереев пен аймақ­тағы зиялы қауым өкілдері жаңа кітаптың маңызы туралы баяндады. «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері музейде тұрған Қар­­шыға Ахмедияров, Хамит Ерғалиев, Рысбай Ғабдиев, Ме­кес Төрешев, Шәміл Әбілтаев, Нари­ман Үлкенбайұлы, Ғатау Ибішев сынды өнер тарландарының домбыраларымен күй тартты.

– Күллі қазаққа есімдері белгілі өнер иелері домбыраларының біздің музейде сақталуы – мақта­ныш. Жас домбырашылар да өздері үлгі ете­тін аға-апалары ойнаған аспаптар­да күй тарту мәртебесіне ие болды. «Домбыра-дастан» кіта­бы бес бөлімнен тұрады, онда қазақ­тың дәс­түрлі өнері жайлы көп мағлұмат бар, – дейді музейдің этнография және өлке табиғаты ғылыми-зерттеу бөлімінің сектор жетекшісі С.Нұр­пейісова.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Бөлісу: