Жаңалықтар
1 мин оқу 306
Ғашықтар өтініші ғаламтормен берілді
Электронды үкімет порталының тиімділігі әр салада байқалуда. Тіпті бір-бірімен некелесуге серттескен ғашықтар да өтініштерін ғаламтор арқылы беруге талпыныс жасады. Өткен аптада Атырауда өз өтініштерін ғаламтор арқылы берген ғашықтардың некесі қиылды. Атыраулық жас жігіт Ержан Кусмбаев пен оралдық ару Гүлниса Ашықбаеваға неке туралы куәлік табыс етілді.
Қос ғашық электрондық үкімет порталының уақытты ұтымды пайдалануға тиімді болғанын айтады. АХАЖ саласының мамандары қызметтің бұл түрі жастар арасында енді танымал бола бастайтынына үміт артады.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Атырау.
Бөлісу: