Жаңалықтар
2 мин оқу 1,101

Еуроодақ жаңа елдермен толығады

<p style="text-align: justify;"><strong>Еуропа одағы Батыс Балқан елдеріне қатысты жаңа стратегиясын жариялады. Құжатта түбектегі алты мемлекеттің Одақ құрамына кіруі ғана емес, оның мезгілі де нақтыланған.&nbsp; &nbsp; &nbsp;</strong></p>

Еуроодақ жаңа елдермен толығады

Алғашқы кандидаттар ре­тінде Сербия мен Черно­го­рия аталады. Алайда олар­дың мәселесі өзгеше. Ең әуелі екі мемлекет өзара келіс­пеу­ші­лікті реттеуі тиіс. Егер келіс­сөз­дер табысты аяқтал­са, екі мемлекет 2025 жылға қарай ЕО құрамына енеді. Жаңа стра­­тегияға сай, Албания мен Мак­е­донияға таяу арада Одақ құрамына кіру жөніндегі келіс­сөздер жүргізуге ұсыныс жаса­лады. Босния және Герце­гови­на да мүше мемлекет ата­ну­ға негізгі кандидаттың бірі. Құжатта Косовоның одақ құ­ра­мына ену үшін Еуропа мем­­лекеттерімен байланысын ны­ғайту қажеттігі айтылған.

Алайда жоғарыда аты атал­ған мемлекеттер Еуроодақ құра­мына кірмес бұрын бір­қа­тар маңызды міндеттерді орындауы тиіс. Олар: заң­ның үс­тем­дігі, қауіпсіздік саласын­да­ғы әріптестікті нығайту және көші-қонды бақылау, эко­но­ми­ка­лық дамуға қолдау, энер­ге­тикалық қауымдастықты ке­ңейту, цифрлы экономикаға өту және көрші елмен тату қарым-қатынас орнату. Еуропа ко­мис­сиясының Одақты кеңей­ту және саясат жөніндегі өкілі Йо­ханнес Ханның айтуын­ша, Бал­қан түбегі елдерінде әлі күн­ге дейін жемқорлық, тұ­рақ­­сыз экономика және шек­ара­лық келіспеушілік секілді түйт­кілдер жетерлік.

Жалпы Батыс Балқан ел­дерін Еуропа одағына қабыл­дау мәселесі былтыр Болгария тарапынан көтерілген болатын. Мұны стратегияны қабылдау барысында елдің Сыртқы істер министрі Экатерина Захариева ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Еуропалық комиссияның президенті Жан-Клод Юнкер 2017 жылғы Жол­­дауында Еуропа одағын ке­ңейту­ге әзір екенін жеткізген бо­ла­­тын. Бұған дейін қарт құрлық­­тағы экономикалық әле­уе­ті ортаңқол мемлекеттер­ден б­а­қуатты елдерге халықтың жап­пай көшуі себебінен Одаққа жаңа мүшелер қабылдауға тыйым салынған болатын.

Саяси тақырыпта жазып жүрген Politico сайты жаңа стра­­­тегияны «ызғарлы ма­хаб­батқа» теңейді. Портал ЕО көш­басшыларының Батыс Бал­қан­ға ерекше назар аударуын Ресей, Қытай және Түркия мем­лекеттерінің өңірдегі бел­сен­ділігінің артуымен түсін­ді­реді. Оның үстіне 2015 жыл­ғы миграциялық дағдарыс кезін­де босқындардың Батыс Бал­қан арқылы Еуропаға үде­ре көшуі аймақтың Еуропа ода­ғын­дағы тұрақтылықты сақтап қалудағы маңызын көрсетеді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Еуроодақ жаңа елдермен толығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар