Парламент
1 мин оқу 980

Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болды

<p>Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеді.<br /> </p>

Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болды

2018 жылғы 13 ақпанда «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Д. Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Бөлісу:
Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар