Жаңалықтар
1 мин оқу 941

Отбасы академиясы

<p>Қазіргі кезде отбасы құндылықтарын нығайту және демографиялық саясат мәселелерін тереңдету ісінің мәні мен маңызы жоғары. Сонымен бірге бүгінгі отбасын құрған жастар арасында ажырасу деректерінің көптігі алаңдатпай қоймайды.&nbsp;&nbsp;</p> <div>&nbsp;</div>

Отбасы академиясы

Мұндай теріс демо­гра­фиялық көріністің алдын алу мәселелері қоғамдағы жұрт­шы­лықты ойлан­дыруға тиіс. Ай­талық өткен жылы Ақтө­бе облысында 7000-ға жу­ық жұп отбасын құрса, соның 2600-ден астамы ажырасып үлгер­ген. Сөз жоқ, бұл – өте алаң­да­тар­лық мәселе.

– Ерлі-зайыптылар өзара келісім мен ортақ түсіністікке келе алмай, екі жаққа кеткенде ең алдымен балалар жапа шегеді. Бұл жайт өз кезегінде отбасы проблемалары мен түйін­дерін бір жүйе мен ізге кел­­тіруге септігін тигізе алатын арнаулы ор­талықтың қа­жет екенін көрсетеді. Сон­дықтан да биыл өңірде «От­басы академиясы» жобасы жү­зеге асуда. Оның қыз­метіне бірінші кезекте психолог мамандар мен медиаторларды мейлінше көбірек тарту көзделген, – деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев. 

Оның мәлімдеуінше, оған түрлі түсінбеушіліктер мен келеңсіз жағдайдарға тап болған ерлі-зайыптылар ғана емес, үйленуді немесе тұрмыс құруды ойластырып жүрген болашақ шаңырақ иелері де тартылмақ. Болашақ ата-аналар мектебі де аталған «Отбасылық академия­сы» жобасы аясында жұмыс істемек. 

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Бөлісу:
Отбасы академиясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар