Аймақтар
1 мин оқу 676

Атырауда алғашқы жел электр стансасы салынып жатыр

<p>Қуаты 52 мегават болатын жел электр стансасы Исатай ауданында орналасады. Оны&nbsp; іске қосу 2020 жылға&nbsp;жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.</p>

Атырауда алғашқы жел электр стансасы салынып жатыр

 Жел стансасын орнату үшін Каспий теңізі жағалауындағы Манаш ауыл маңы таңдалған. Бұл кездейсоқ емес. Зерттеулерге сәйкес, бұл жерде желдің жылдамдығы секундына 10-12 м/с-қа жетеді. Электр стансасының тұрақты жұмыс істеуі үшін 4 м/с жеткілікті.

Барлығы 36 жел турбинасын орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жетеуі орнатылған. Олардың әрқайсысының салмағы шамамен 230 тонна, биіктігі 100 метрден асады.

- Электр стансасы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған бағдарлама негінде жүргізілуде. Жоба жел парктерін салуға, сондай-ақ, «Атыраужарық» АҚ-ның желілеріне қосылатын екі қосалқы стансаның құрылысын салуды көздейді. Жұмысты «ВетроЭнерготехнологии» ЖШС қолға алған. Жобаның құны 12,3 млрд теңге. Бұл станса Атырау облысында өндірілген барлық электр энергиясының 13-14% пайызын құрайды, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев.

Бақытгүл  Бабаш,

«Егемен  Қазақстан»

Бөлісу:
Атырауда алғашқы жел электр стансасы салынып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар