Қазақстан
1 мин оқу 290

Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ

<p>Енді Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек есеп беру жиынында айтты.</p>

 Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ

Қазір қала тұрғындарының 12 пайызы – 60-тан асып тұр. Егде жастағыларды қолдауға бағытталған бағдарлама негізінен денсаулық, өмір сапасын арттыру, барлық қызметтердің қолжетімділігін қамтиды. Бүгінде алматылықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы республика бойынша бірінші орында – 74,3 жас.

Есептік кездесуде Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасына сәйкес қала жастарын қолдау бағытында 2020 жылға дейінгі жол картасы қабылданғанын айтты. Былтырдың өзінде осы бағытта 4 млрд теңге жұмсалған.         «Қазір Алматы тұрғындарының шамамен жартысы – жастар. Олардың орта жасы 33,5 жас. 200 мың жуық студент білім алады. Бұның артықшылығымен қатар қиыншылықтары да бар. Республика бойынша жастар жұмыссыздығының ең жоғарғы көрсеткіші – 6,5 пайыз. Бұл көрсеткіш Алматыға тиесілі. «Алматы жастарын қолдау - 2020» жол картасы қабылданды. Былтыр 4 млрд теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында алдын ала үй құнының 5 пайызын ғана төлеп, несие алу мүмкіндігіне ие болды. 6 мың адам өтініш білдірді. Балдық жүйемен 100 өтініш қабылданды. Сұраныстың көптігіне байланысты биыл да бұл бағдарлама өз жалғасын табады. Былтыр 1 млрд теңге бөлінсе, биыл 2 млрд теңге қарастырылған», – деді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар