Қазақстан
1 мин оқу 350

Қорғаныс өндірісіне тиімді механизмдер енгізіледі

<p style="text-align: justify;"><strong>Ұлттық ғарыш орталығында 2017 жылдың қорытындысы мен Елбасының &laquo;Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері&raquo; атты Жолдауында көрсетілген тапсырмалар бойынша Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) алқа жиыны өтті.</strong></p>

Қорғаныс өндірісіне тиімді механизмдер енгізіледі

Басқосуға Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Парла­мент депутаттары, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лігінің және басқа да мем­лекет­тік орган, бағынысты ұйым­­дар мен кәсіпорындар бас­шылығы қатысты.

Бүгінгі таңда министрлік ел­дің қорғанысы мен қауіпсіздігін тиімді түрде іске асыруға мүм­кін­­дік беретін саланың нор­мативтік-құқықтық базасын қа­лып­тастыру жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырудың жаңа механизмдерін реттейтін және отандық қорғаныс-өнер­кәсіп кешенін қолдау шараларын қарастыратын «Қорғаныс өнер­­кәсібі және мемлекеттік қор­ғаныстық тапсырыс» заң жоба­сы Парламенттің қарауына енгізілді.

2018 жылдан бастап Қорға­ныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс бюджеті ҚАӨМ-ге өтеді. Бұл әлеуетті органдарды өзіне тән емес функциялардан бо­са­тады және қорғаныс-өнер­кә­сіп кешені кәсіпорынның ілгер­лемелі дамуын қамтамасыз етеді.

Қорғаныс пен қауіпсіз­дікті қам­та­ма­­сыз ету үшін мем­лекет­тің жа­ңа технология­лық мүм­кін­дік­терін құ­руға бағыттал­ған саланың тұжы­рым­дамалық негіз­дері жүзеге асырылуда.

Министрліктің басты жұмыс бағыт­тары қатарына Қазақ­станның қор­­ғаныс пен ұлттық қауіпсіздік сала­­сындағы мәсе­лелерді шешу үшін қару-жарақ­тың жаңа және перс­пек­тивті түр­лерін, техниканы өн­­д­і­рудің және қызметтерді көр­сету­­дің толық циклін басқару да жатады.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: