Қысқы спорт
1 мин оқу 330

Пхенчхан-2018: Дерек пен дәйек

<p style="text-align: justify;">Тура он жеті күнге созылған Пхенчхан Олимпиадасы өз мə&shy;ре&shy;сіне жетті. Биылғы Олим&shy;пия ойындары Сочи Олим&shy;пи&shy;адасынан да жоғары дең&shy;гейде өтті деуге толық негіз бар. Оған XXIIІ қысқы Олим&shy;пия ойындарының көрігін қыз&shy;ды&shy;руға 92 елден 2925 спортшы келгені, Сочидегіден 7 спорт сайысы мен 15 медаль жиынтығының көптігі, ал жа&shy;рыс&shy;&shy;тар кезінде 20-дан аса Олим&shy;пия&shy;лық рекордтың тіркел&shy;гені толық дəлел бола алады. Бүгін&shy;де тари&shy;хтың қойнауына енген бұл Ақ Олимпиадада ақыр&shy;ғы сəтіне дейін қатысушы коман&shy;да&shy;лар топ басына таласты.</p>

Пхенчхан-2018: Дерек пен дәйек

Спортшылардың жекелей ре­кор­дынан бөлек, норвегиялық сай­­ыпқырандар Пхенчхан Олим­пи­адасында медаль жиынтығы бойынша да рекорд орнатты.  14 алтын, 14 күміс және 11 қола жүлдеге қол жеткізген Викингтер елі жалпы саны 39 медаль иеленіп,  Ванкувер Олимпиадасында жалпы саны 37 (9-15-13)  медаль алған АҚШ-тың рекордын жаңартты. 

Пхенчхан Олимпиадасына қатыс­қан 2925 спортшының 91-і екі және оданда көп медаль жинады. Оның ішінде нор­вегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо мен франциялық биатлоншы Мартен Фуркад үш рет Олимпиада чем­пио­ны атанды. Ал тағы бір нор­вегиялық шаңғышы Марит Бьерген осы Олимпия ойын­дарында ең көп медаль алған спорт­шы атанды. Бьергеннің өзі Норвегия құрамасына екі алтын, бір күміс және екі қола жүлде салды.

Биылғы Олимпиадада 30 елдің спортшылары жүлде­гер атан­ды. Бұл Сочи Олим­пи­ада­сымен са­лыс­тырғанда тө­рт елге көп. Сон­дай-ақ Пхен­ч­хан Олим­пи­ада­­сында 22 елд­ің спортшылары ал­­тын медаль жеңіп алды. Сөйтіп Сочи Олимпиадасының рекордын қай­талады. Ал медаль жиынтығы бой­ын­ша жалпы­командалық есепте Норвегия құрамасы топ бастады. Осынау ұлы көште Қазақстан спорт­шылары жалғыз қола медальмен 28-орыннан көрінді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Пхенчхан-2018: Дерек пен дәйек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар