Аймақтар
1 мин оқу 374

Қостанайда Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

<p>Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысында азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.</p>

Қостанайда Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

Кездесу барысында қаты­су­шы­лардың бірі министрге сұрақ қойып, министрлік пен Қа­зақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы өзара іс-қимылды бес балдық шкала негізінде қалай бағалайтынын сұрады.

«Біз Қазақстандағы бар­лық ресми тіркелген діни бірлес­тік­термен, соның ішінде Қазақ­стан­ның ең ірі діни бірлестігі – Қазақ­стан мұсылмандары діни басқармасымен де сындарлы қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз», деді министр.

Н.Ермекбаевтың айтуынша, министрлік Діни басқармаға әр­түрлі бағыттағы маңызды мә­се­лелерді шешуде қолдау көр­се­теді.

«Діни саладағы барлық ұсы­ныс­тарымыз бен шешім­деріміз бойынша біз ҚМДБ бас­шы­лығымен алдын ала консультация­лар өткіземіз, олармен кеңесеміз, сондай-ақ басқа да ірі конфессия­лар басшылығымен кеңесеміз. Сондықтан Мүфтиятпен өзара бай­ланысымызға бес деген ба­ға беремін. Сондай-ақ Қазақ­стан­дағы екінші үлкен конфессия бо­лып табылатын Орыс правосла­вие шіркеуімен де өзара іс-қимы­лымызды бес деген балмен ба­ғалаймын. Басқа конфессия­лармен де байланысымыз өз деңгейінде», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 23-24 ақпан күндері министр Нұр­лан Ермекбаев Қостанай облы­сына жұмыс сапары бары­сында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің халық алдындағы есептік кез­десуіне қатысты. Сондай-ақ ми­нистр облыстағы бірқатар ұйым­дарды, өңірдегі мәдени және рухани нысандарды аралады. Оның ішінде Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы облыстық мешітке барып, имамдармен кездесуінде ҚМДБ-ның облыстық филиалы жұмысындағы мәселелерді талқылады.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Қостанайда Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар