Қазақстан
1 мин оқу 342

Елімізге келу тәртібі бұзылмауы тиіс

<p>ІІМ заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға және заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған &laquo;Мигрант&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.<br /> </p>

Елімізге келу тәртібі бұзылмауы тиіс

Үш күн ішінде полицияның мобильдік тобы елімізге ке­лу тәр­­ті­бін бұзған 7 мың шетел­дікті анық­тап, әкімшілік жауап­кер­шілікке тартты.

Сот шешімі бойынша 1000 шетелдік елден шығарылып, 700 адам қабылдау-бөлу орындарына әкелінді.

Шетелдік жұмыс күштерін тар­ту және пайдалану ережесін бұз­ған 269 жұмыс беруші жауап­кершілікке тартылды.

– Көші-қон, криминалдық және әкімшілік полиция қыз­мет­керлерінің жұмысы нәтижесінде көші-қон заңын бұзғаны үшін сот­қа дейінгі тергеудің бірыңғай тізі­ліміне 78 қылмыстық құқық бұзу­шы­лық тіркелді, – деп атап өтті ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төр­ағасы Мұрат Қабденов. – Іздеу­де болған 14 қылмыскер ұстал­ды, оның ішінде төртеуі ТМД азаматы.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 3 мыңнан астам шетелдіктің елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылды.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Елімізге келу тәртібі бұзылмауы тиіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар