Қазақстан
1 мин оқу 410

Астанадағы «Nova City» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

<p>Астанадағы &laquo;Nova City&raquo; тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлады ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметі.&nbsp;</p>

Астанадағы «Nova City» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

«2 наурыз күні сағат 14:19-да  «Nova City» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірі өртеніп жатқаны туралы орталық өрт қызметінің пунктіне хабарлама келіп түсті. Тұрғын үй кешені Е38, 30/1 көшесінде орналасқан. Оқиға орнына 4 негізгі, 3 арнайы өрт көлігі жіберілді. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына барғанда тұрғын үй кешенінің 7-қабатындағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Өрттен 5 адам құтқарылды», - делінген хабарламада. 

Видеода екі баланы төменгі қабаттарға лақтырғаны байқалады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, түскі астан келген құрылысшылар өртті көріп, паркингтегі жарнама баннерлерін алған. Кейбірі адамдарды құтқару үшін жоғары қабатқа кеткен. 

Бөлісу:
Астанадағы «Nova City» тұрғын үй кешенінен өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар