Қысқы спорт
1 мин оқу 263

Полторанин Әлем кубогында жеңіске жетті

<p>Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Финляндияның Лахти қаласындағы Әлем кубогының тоғызыншы кезеңінде алтын алды.</p>

Полторанин Әлем кубогында жеңіске жетті

Ол 15 километрге классикалық әдіспен жарысуда жеңіс жетті. Бұл қашықтықты 33 минут 11,9 секундта бағындырды. 

Екінші орынды 9,1 секундқа кешігіп келген ресейлік Александр Большунов иеленсе, үздік үштікті Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы финляндиялық Ийво Нисканен (+20,9) түйіндеді. 

Айта кетейік, Александр Полторанин Оңтүстік Кореяда өткен марафон стиліндегі 50 шақырымда 15-орынға тұрақтаған болатын. 

Бөлісу:
Полторанин Әлем кубогында жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар