С.Омаров: Еліміздің дамуына жаңа серпін береді
<p style="text-align:justify">Әр адам үшін өмірінің мәнін ай­­қын­дайтын базалық нәрселер бар екені сөзсіз. Мұның қа­тарына мен­шікті баспана, бала­лардың білімі, сон­дай-ақ мате­риалдық тәуелсіздік жатады.</p> <p> </p>

Президенттің бүгінгі Үндеуі дәл осы аталған міндеттерді шешуге бағытталған. Мәселен халықтың қалың топтары үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыру үшін Мемлекет басшысы «7 – 20 – 25» бірегей бағдарламасын ұсынып отыр, бұл қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ мультипликативтік әсер арқылы экономиканың дамуына жаңа серпін беретін болады.
Қазіргі уақытта Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жүргізіліп жатқан іс-шараларды білікті кадрларсыз іске асыру мүмкін болмайды. Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы білім берудің қолжетімділігі мен сапасына айрықша назар аударуды ұсынып отыр. Бөлінген мемлекеттік гранттарға қосымша бөлінетін 20 мың грант елдің экономикасын жаңғырту міндеттерін шешу үшін жоғары санатты техникалық мамандардың келуін қамтамасыз етуге тиіс.
Азаматтарымыздың материалдық әл-ауқаты жөнінде айтқан кезде Елбасы жұмыскерлердің жалақысы төмен санаттары үшін салық салуды қайта қарау қажеттілігін ерекше атап көрсетті, бұл жұмыс берушілерге түсетін жүктемені ұлғайтпай, олардың еңбегіне төленетін ақыны арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, микрокредит беруді кеңейту, әсіресе, халықтың басым бөлігін өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар құрайтын ауылдық жерде шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді.
Сапархан ОМАРОВ,
Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы