Аймақтар
1 мин оқу 250

Қостанайда арулардың автошеруі өтті

<p>Арулар мерекесі Қос&shy;танайда айрықша шара&shy;лармен басталды. Соның бірі &ndash; әйелдердің қаты&shy;суымен өткен автошеру. Ерекше автошеруді облыстағы Жастар ресурсы орталығы облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп, биыл екінші рет өткізді.<br /> </p>

Қостанайда арулардың автошеруі өтті

Оған қатысуға биыл 23 әйел ынта білдірді. Автошерудің шарты бойынша әйелдер көлігін түрліше безендірді. Осы жарыста бас жүлдені алған Ека­терина Кожевина өзінің темір тұлпарына көйлек пен шляпа «кигізіп», сыланған сұлудың кейпін көрсетті. Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл депар­таментінің қызметкері Ғалия Қасымова өзі мінген «Лада прио­расын» ұлттық оюлармен және ұлттық киім киген қуыршақпен безендіріпті.

– Ең басты мақсатымыз, әйелдердің ынтымағын көрсету, жол ережесін сақтауды насихаттау және көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлау болды, – дейді Жастар ресурсы орталығының директоры Айгүл Абдуллина.

Әйелдер жүргізген темір тұлпарлар шеруі қала орта­сын­дағы Жеңіс саябағынан орта­лық Абай даңғылы арқылы қаланың бір шетіндегі «Астықжан» сауда орталығына дейін жүріп өтті. Шеруді көрген қалалықтарды машиналардың безендірілуі ерек­ше қызықтырды. Олар үшін көліктерді әйелдердің тіз­гін­деуі де бүгін ерекше жарасым тап­қандай болды. Рульдегі әйел­дердің барлығының да көлік жүргізуде кемінде үш жыл өтілі бар.

– Рульге арулар отырған ав­то­шерудің тағы бір мақсаты, «әйел машина жүргізе алмайды» деген қалыптасып қалған тү­сінікті жоққа шығару еді. Қай­та ең ұқыпты және жол ере­жесін қатаң сақтайтын жүргізушілердің әйелдер екенін айтқым ке­леді, – дейді жергілікті полиция бастығының орынбасары Әлібек Бермұқанов. Шеру мәреге жеткен соң, ұйымдастырушылар жүр­гізушілер үшін викториналық сұрақтар қойды. Жүргізуші ару­лардың барлығы да мерекелік сыйлықтарға ие болды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу: