Сот ұсынысы Конституциялық Кеңесте қаралды
<p>Конституциялық Кеңес «Неке (ерлі-зайып­тылық) және отбасы туралы» кодекстің 47-бабының 5-тармағын конс­титуциялық емес деп тану тура­лы Қарағанды облысы кәме­летке толмағандар істері жө­нін­дегі мамандандырылған аудан­аралық сотының ұсыны­сын іс жүргізуге қабылдап алды.</p>

Сот ұсынысында аналықты және балалықты әлеуметтік қорғау мәселелері көтерілген. Ұсынысты қарауға өтініш берген субъектінің пікірі бойынша кодекстің аталған нормасы заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең екендігі туралы қағиданы бұзады және Конституцияның ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады деген 27-бабының талаптарына сәйкес келмейді. Бұған жаңа туған баланы күтіп-бағуға алимент және оның анасын асырауға ақшалай қаражат өндіріп алу туралы сотқа түскен азаматтық іс өтiнiш беруге себеп болды. Соттың осы өтініші бойынша Конституциялық Кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметі.