Жаңалықтар
1 мин оқу 155
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
<p>Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.</p>

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.
Қазақстан Президенті сондай-ақ Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.
Бөлісу: