Қазақстан
1 мин оқу 380

Қазақ – қашанда қазақ! (26.03.2018)

Қазақ – қашанда қазақ! (26.03.2018)

Халайық, қарасаңыз бұл қазаққа,

Боласыз таң-тамаша кіл ғажапқа.

Қазақтың ақ кимешек әжесінің

Көңілі ұқсамай ма гүл абатқа?!

Ақ әже қазағымның бақ-таланы,

Ақ пейіл, адал сырын ақтарады.

Жүз жылда өзгермеген өңіменен

Наурыздың нақышына шаттанады.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Қазақ – қашанда қазақ! (26.03.2018) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар