Күрес
1 мин оқу 400

Ақмолалықтар қазақ күресінен топ жарды

<p style="text-align:justify">Ақмолалық балуандар алғаш рет қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында топжарды. Екі алтын және күміс медальді иеленген спортшылар осылайша көптен күткен жеңіске жетті. 600 балуан қатысқан Павлодардағы жарыс тартысты өтті.</p>

Ақмолалықтар қазақ күресінен топ жарды

Қазақ күресінен өткен ел бірін­ші­лігінде 2003-2004 жылы туған жас­өс­пірімдер тоғыз категория бойынша күш сынасқанын айта кеткен орынды. Боз­кілем үстіндегі белдесу қара күш ғана емес, айла-тәсілдерді шебер қолдануды да қа­жет ете­ді. Кез келген қателік жеңіліске алып келуі мүмкін. Осындай жағдайда  жауапкершілікті сезінген спорт­шы­лар шалыс баспауға тырысты. Тартысты өткен белдесуде +73 кило салмақта өнер көр­сеткен Целиноград ауданының балу­аны Баухан Дастан чемпион атанды.

Сондай-ақ Ерейментау ауданының спортшысы Ол­жас Еренғайыпов 50 килоға дейінгі сал­мақта белдесіп, қарсыластарын тізе бүк­тірді. Ал күміс осы ауданның тағы бір спорт­шысы, 42 кило салмақта күрескен Айбек Жұмағұловқа бұйырды. Сөйтіп же­ңім­паздар Қазақстан Республикасының спорт шебері кандидаттығына қажетті нор­мативтерді орындады. Нәтижесінде, ақмолалық спортшылар жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға табан тіреді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Бөлісу:
Ақмолалықтар қазақ күресінен топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар