Аймақтар
1 мин оқу 454

Мәжіліс депутаты Қызылорда облысы бойынша ХҚКО-да болды

<p style="text-align:justify">Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева &laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы&raquo; коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы &ndash; Қызылорда облысы бойынша &laquo;Халыққа қызмет көрсету орталығы&raquo; департаментінде болды.</p>

Мәжіліс депутаты Қызылорда облысы бойынша ХҚКО-да болды

Депутат қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылғанын айтты.

- Облыстарға жұмыс сапарым барысында міндетті түрде ХҚКО-тарына барып, халықпен жүздесуді жөн көремін. Өйткені, дәл осы жерде Елбасының Жолдауындағы басым бағыттарының бірі - «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы байқалады, – дейді ол.

Халық қалаулысы сондай-ақ, «Нұр Отан» бастауыш партиясының қызметімен танысып, қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету және саланың басқа да күрмеулі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Мәжіліс депутаты Қызылорда облысы бойынша ХҚКО-да болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар