Аймақтар
2 мин оқу 1,516

Роналдуға қазақ шапаны сыйға тартылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық &laquo;Теңізшевройл&raquo; мұнай компаниясы португалиялық әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға Маңғыстаудың шапаны мен қыран құстың мүсінін сыйға тартты. Арқасына байрақ бейнеленген көрікті шапан Ақтаудағы танымал сән үйінде тігілді.&nbsp;</p>

Роналдуға қазақ шапаны сыйға тартылды

Роналдуға шапан тіккен «Нұр-Шах» сән үйінің туын­ды­­лары Қазақстанға кеңі­нен та­нымал, елімізде оның өнім­де­рін тұтынатын өнер адамдары жетерлік. Қазақтың ұлттық нақы­шы мен ою-өрнектеріне жа­ңа­ша сән-сипат беріп, ке­ше­гі мен бүгінді байланыс­тыру арқылы заманауи тал­ғам қалыптастыруды, Маң­ғыс­таудың өзіндік ерекше на­қы­шын танытуды, қазақтың ұлт­тық ою-өрнегінің бірінен-бі­рі озған әлемдік сән тас­қы­нын­да тасада қалып қоймай, қол­данысқа дендей енуін көз­деген шебер Нұржамал Нұр­пейісова сән әлемінде өз ар­ман-мақсатына қол жеткізді деу­ге болады. Он жеті жыл бұ­рынғы аяғын апыл-тапыл бас­қан кәсібі қазір өрге до­малап, елімізде танымал бренд­ке айналды. Бүгінде сән үйі­нің өнімдеріне тек Қазақ­стан­ның емес, шет елдердің тұрғындары да қызы­ғу­шылықпен сұраныс беріп жатады. 

Мемлекеттік қолдауларға сүйеніп кәсібін жолға қойған кәсіпкер Н.Нұрпейісованың «Нұр-Шах» сән үйі Маңғыстау облыстық, республикалық байқауларында жеңімпаз атанып, республикалық және халықаралық көрмелерге қаты­­сып, ел мерейін көтерді. Қазір Ас­тана, Ақтау және Жаңа­өзен қа­ла­ларында бөлім­ше­лері бар сән үйі 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр, мү­гедек бала­лар­­ға, тұрмысы төмен от­ба­сы­­ларға қайырымдылық кө­мек ұйымдастыруды да ұмыт қалдырмайды. 

Сән үйі­нің иесі Нұржа­мал Нұр­пейісованың айтуынша, ұжым қызметкерлері мұнай компаниясының Роналдуға шапан тігу туралы тапсырысы бойынша екі ай тапжылмай жұмыс істеген. Алдымен, жер­гілікті және ресейлік сур­ет­­шілердің көмегімен он шапан­ның эскизі жасалынған, ал тап­сырыс берушілердің тала­бы бойынша шапанның ар­тында, яғни жауырынында Қа­зақ­станның туы, күн жә­не қы­ран бейнесі болу мін­дет­те­ліпті. 

Дизайнермен Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқу­шылары кездесу өткізіп, ди­зайнерлік әлем, сән үйі және атақ­ты футболшыға шапан тігудің қиындығы мен қызығы туралы сұрақтарын қойды. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Бөлісу: