Аймақтар
2 мин оқу 252

Оралда жаңа мектеп ашылды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің &laquo;Көкжиек&raquo; шағын ауданында жаңадан ашылған мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп 600 оқушыға арналған.</p>

Оралда жаңа мектеп ашылды

 – Елбасының «Нұрлы жол» бағдарла­ма­сымен салынған жаңа мектеп – көптен күткен қуаныш. Бұл жыл басынан бері пай­далануға берілген екінші мектеп. Алдағы уақытта тек облыс орталығында емес, Бөкей Ордасы, Зеленов, Ақжайық, Терек­ті аудандарында мектептер саламыз. Елбасы білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Облыс бойынша бұл саладағы бюджет соңғы үш жылда 20 млрд теңгеге көбейді. Мұғалімдер жағдайына да Мем­лекет басшысы баса назар аударуда. Осы орайда жаңа форматқа оқуға көшкен мұға­лімдердің жалақысы көбейетін болады. Оған қазір республикадан тиісті қаражат күтіп отырмыз, – деді салтанатты ашылу жиынына қатысқан облыс әкімі Алтай Көл­гінов.

Соңғы жылдары көшіп келушілердің, тегін жер үлесін алушылардың есебінен Орал қаласының етек-жеңі далиып барады. «Көкжиек» шағын ауданы да соңғы кезде пайда болған. Су, көгілдір отын се­кілді желілер тартылып, жолы салынып жатқан жаңа ауданның балалары осы кезге дейін көршілес Селекционный кентіндегі №12 мектепке қатынап оқитын. Ол мектеп ғимаратында да орын болмай, оқушылар көп қиындық көрді. Енді, міне, жаңа ауданның өз мектебі бар. Жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метр мектеп ғи­маратында 56 оқу кабинеті, кітапхана, 2 шеберхана, барлық құралдарымен жаб­дықталған спорт залы, 200 орындық мә­жіліс залы, радиоторап кабинеті, 130 орын­ға арналған мектеп асханасы бар. Барлық кабинет проектілік экранмен жаб­дықталған. Жаңа мектепке 500 оқу­шы, шағын орталыққа 100 оқушы қабыл­дан­бақ.

Құрылысы 2016 жылдың қараша айын­да басталған мектеп ғимаратын салу­ға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1 255,609 млн теңге қаржы жұмсалған.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Оралда жаңа мектеп ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар