Жаңалықтар
1 мин оқу 325
Әріптестік қатынастар нығаюда
Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің АҚШ Қорғаныс министрінің Азия және Тынық мұхиты аймағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша орынбасары доктор Питер Лэвоймен кездесуі болып өтті.
– АҚШ-пен ынтымақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы жоғары серпінділігімен, әртүрлі қызмет салалары бойынша, оның ішінде қорғаныс саласы бойынша өзара мүдделестікке негізделген шынайы әріптестік байланыстарымен сипатталады, – деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы. – Қазақстан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еліміздің басшылығы жүргізіп отырған тату көршілік пен бейбіт сүйгіш саясаты арқылы қарастырады.
Қазақстан армиясы екі жақты әскери ынтымақтастық шеңберінде жасалған алдағы бес жылдыққа (2013-2017 жылдарға) арналған жоспарға байланысты белсенділік танытып отыр. Қазақстан Қарулы Күштері өкілдерінің күшімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Ол жөнінде екі жақты консультацияда сөз етілді.
Іс-шара соңында тараптар жемісті жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.
Бөлісу: