Қазақстан
1 мин оқу 582

Бес бастама берекесі

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы Президент Н.Назарбаев ұсынған, нақты міндет&shy;тер белгілен&shy;&shy;ген ауқымды әлеуметтік бағдарл&shy;а&shy;ма&shy;ны құрайтын бес бастаманы толық қолдайды.</p>

Бес бастама берекесі

Мемлекет басшысы «Бұл – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығай­ту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз», – дей келе әлеуметтік өркен­деудің бағыт-бағдарын ұсын­ды. Бастаманың әрбір бағыты жалпы бұқараның, оның ішінде жастар­дың мүддесіне сай келетін мәселелерді қамтыған.

Осы арада «7 – 20 – 25» әлеуметтік ипотекалық бастамасын ерекше атап өткім келеді. Аталған бағдарлама 25 жыл мерзімге 7 пайыздық өсіммен бері­летін қолжетімді ипотека арқы­лы баспана алуға негізделген. Бұл – жұмыс істейтін жастарға үлкен көмек. Сондай-ақ тұрғын үй құры­лысы­­на серпін беріп, жаңадан жұ­мыс орын­дарының ашылуына ықпал етеді.

Біз кәсіпкер әйелдердің мүддесін қорғайтын ұйымның өкілі ретінде мыңдаған адамның, оның ішінде ауыл­дықтардың өз ісін ашуына себеп­ші болып келген шағын несие көле­мі­нің көбейтілуіне де ризалық білдіреміз.

Сондай-ақ жоғары білімнің сапасын арттыруға, студент жастардың тұр­­мысын түзеуге ерекше көңіл бөлін­гендігі де қуантты.

Енді таяу болашақта Елбасы баста­маларының тиімділігін, ұтым­ды­лығын Қазақстанның әрбір азаматы сезініп және барша халықтың әл-ауқаты артқанына куә боламыз деп ойлаймын. 

Раушан СӘРСЕМБАЕВА,

Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті,

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

Бөлісу:
Бес бастама берекесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар