Өнер
2 мин оқу 990

Теоман Хос туындылары махаббаттан туған

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жасампаз жандар өнер туындыларын жасаудан ләззат алса, өмірінің мәнін махаббат деп білетіндер сол өнерді тамашалаудан бақыт табады&raquo; дейді адам өмірінің мәнін зерттейтін психолог мамандар. Расында, жасампаздың жан дүниесі мен өнерге салған энергиясын сезіну үшін көрерменнің көкірек көзі ояу, жүрегі махаббатқа толы болуы керек.&nbsp;</p>

Теоман Хос туындылары махаббаттан туған

Теоман Хос шығар­ма­шы­лы­ғының бір ерекшелігі, оның ғажайып еңбектеріне бойлау үшін ішкі әлемің дархан даланың кең­дігімен үндесіп, жүрегіңде та­биғатқа, тіршілікке деген сүй­іспеншілік жатса болғаны. Су­ретшінің негізгі мақсаты, прин­ци­­пінің өзі осындай. «Туған өл­ке­м­нің пейзажын салғанда, Ота­ныма деген бар махаббатымды беремін», дейді ол.

Еліміздегі бейнелеу өнерінің майталмандарымен бірге түрлі мәдени шараларға қатысып, заманауи қазақстандық суретшілердің арасында өз орнын алған Теоман Хос Есік қаласында дүниеге кел­ген. Есіктегі педагогикалық кол­лед­жге оқуға түсіп, оны 2007 жы­лы бітірген.

Өте жақсы педагогтар­дан тәлім алдым. Гүлнәр Базар­бай­қы­зы, Бұхарбай Бөгенбайұлы тәріз­ді ұстаздарым болашақ өмі­­ріме мықты іргетас қалады, – дейтін Теоман колледжді аяқ­тағаннан кейін-ақ суретші ре­тін­де таныла бастапты. Қазақ ұлт­­тық өнер академиясының ста­­нокты графика бөліміне оқу­ға түскеннен кейін бірер сәт шы­ғармашылық жолы өзге ар­на­ға бұрылып, режиссерлерден фи­льмге түсуге шақырту алған. 2012 жылы «Где-то на том конце линии» фильміндегі басты рөлі үшін арнайы жүлдеге ие болған өнерпаз, осы уақытқа дейін 31 фи­льмге түсіпті. Академияны бітір­ген соң Түркияның «Ak deniz» университетінің арнайы ша­қыруымен екі жыл бойы уни­верситеттің көркемөнер фа­ку­­льтетінде бейнелеу өнері­нен дә­ріс оқиды. 2014 жылы Қазақ­стан­ға оралып, Қазақ бас сәулет-құ­рылыс академиясына жұмысқа орналасқан.

Суреттерді көбіне пейзаж жанрында қарындашпен жә­не қылқаламмен салатын Тео­манның жұмыстары таби­ғат­тың өзіндей тірі, шынайы кө­рі­неді. Афорт және литографияда да ше­берлігін сынап көрген су­рет­­шінің жанына жақыны – қа­рындаш.

– Маған туған өңірімнің қара­пай­ым табиғаты ұнайды. Мен сал­ған суреттер көрерменге біздің ға­жайып өлкеміздің сұлулығын кө­ріп, сезінуді, сүюді, тамаша та­биғатпен үйлесімде өмір сүруді үйретсе екен деймін. Қазіргі уақытта отандық суретшілермен бірге еліміздің түпкір-түпкірінде өзімнің еңбектерімді ұсынып жүрмін, – дейді суретші.

2015 жылы Қазақстан Сурет­ші­лер одағының мүшесі атанған Теоман Хос Қазақ хандығының 550 жылдығына орай елордада өткен көрмеге қатысқан. Ә.Қас­те­ев музейінде өткен «Біз­дің дәу­ір» көрмесінде төрт бірдей туынды­сы ұсынылып, жоғары баға алды. Елімізде және Түркияда ұйым­дастырылатын шараларға белсе­не қатысады. Шетелдерде де же­ке көрмелерін өткізіп жүрген сурет­шінің көз тартар картиналарына қызығушылар – көбіне шетелдік коллекционерлер. Саф өнерді сүйетін қазақстандықтар да оның еңбектерін лайықты бағаға сатып алады.

Жақсы картина алдымен эсте­тикалық талғамның сұра­ны­сын өтеуі керек. Табиғат көрі­ніс­тері қарапайым халық­тың қызы­ғу­шылығына қарай дүниеге келген туынды дейтін де көзқарас жоқ емес. Алайда Теоманның қыл­қаламынан шыққан майда то­л­­қындар шексіздікке ұласып, қа­­рын­дашының ұшынан туған қыс­­тақтан сағыныштың лебі ес­кен­де, оның талантына еріксіз та­м­­санасыз.

Нұрбану КАМАЛ,

журналист

Алматы облысы

Бөлісу: